Жарияланды: 500

«Жасыл ел» Семейде жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйінде концерт береді

«Жасыл ел» жастардың еңбек құрылыс отрядтарының республикалық штабы Қазақстанның Азаматтық альянсының қолдауымен Семейдегі қарттар мен мүгедектер үйінде концерт береді.

Қарттар үйі - «Жасыл ел» қарамағына алған мекеме. Жастар онда 2005 жылдан бері еңбек етіп келеді. Өзінің мерекелік іс-шарасымен балалар қарттарға сергектік қуаты мен жақсы көңіл күй сыйлауды жөн көрген. «Әрбір тұрғынға жеке ән, нақты қойылым арналады. Көңіл бөлгеннен басқа ештеңе сыйлай алмаймыз, бірақ соның өзі маңызды ғой! Қарттар үйінің тұрғындарына көңіл бөлуге кімнің болса да кішкене уақыты табылады. Онда тұрып жатқандар жалғыз басты адамдар ғана емес, олар біздерге бостандық сыйлаған, елімізді көтерген, биыл 20 жыл толып отырған Тәуелсіздікті әперген адамдар! Сондықтан да біз өмір ардагерлерін ұмытпауымыз керек», - дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін