«Жасыл ел» Семейде жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйінде концерт береді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жасыл ел» Семейде жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйінде концерт береді

«Жасыл ел» Семейде жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйінде концерт береді

«Жасыл ел» жастардың еңбек құрылыс отрядтарының республикалық штабы Қазақстанның Азаматтық альянсының қолдауымен Семейдегі қарттар мен мүгедектер үйінде концерт береді.

  • 27 Мамыр 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

Қарттар үйі — «Жасыл ел» қарамағына алған мекеме. Жастар онда 2005 жылдан бері еңбек етіп келеді. Өзінің мерекелік іс-шарасымен балалар қарттарға сергектік қуаты мен жақсы көңіл күй сыйлауды жөн көрген.

«Әрбір тұрғынға жеке ән, нақты қойылым арналады. Көңіл бөлгеннен басқа ештеңе сыйлай алмаймыз, бірақ соның өзі маңызды ғой! Қарттар үйінің тұрғындарына көңіл бөлуге кімнің болса да кішкене уақыты табылады. Онда тұрып жатқандар жалғыз басты адамдар ғана емес, олар біздерге бостандық сыйлаған, елімізді көтерген, биыл 20 жыл толып отырған Тәуелсіздікті әперген адамдар! Сондықтан да біз өмір ардагерлерін ұмытпауымыз керек», — дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар