Жігер Ауыпбаев "Жүрегім сұрайды" әнінің сөзі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жігер Ауыпбаев "Жүрегім сұрайды" әнінің сөзі

Жігер Ауыпбаев "Жүрегім сұрайды" әнінің сөзі

"Меломен" тобының экс.мүшесі Жігер Ауыпбаев қазіргі таңда жеке әнші.

  • 5 Ақпан 2020
  • 759
Фото - Caravan.kz

Ол өзінің "Хат жазып тұр" әнімен танымал болған. 2007 жылдан бастап топта төрт жігіт болып өнер көрсеткен.Белгісіз себептермен 2016 жылдан бастап өзі жеке шығармашылығын қолға алды. Күні бүгінге дейін қоржынында 20-ға жуық әні бар. Қазіргі таңда Қазақстан қалаларында жеке ән-сапармен жүр.

Әні: Бауыржан Хамидуллаев

Сөзі: Торғайлық ақын — Саят Əбенов

Қайырмасы:

Сұрайды жүрегім сұрайды,

Сағына сұрайды,

Себебім болған соң.

Сұрайды жүрегім сұрайды,

Тағы да сұрайды,

Керегің болған соң.

1) Сені ойлап жүрегім жаралы,

Өртеніп барады,

Таусылды амалы.

Сені ойлап жүрегім іздейді,

Үмітін үзбейді,

Өтсін жаз, күз мейлі…

Қайырмасы:

Сұрайды жүрегім сұрайды,

Сағына сұрайды,

Себебім болған соң.

Сұрайды жүрегім сұрайды,

Тағы да сұрайды,


Керегің болған соң.

2) Ауырта бермеші жүректі,

Қаншама күн өтті,

Қаншама түн өтті.

Сен мені сүйесің білемін,

Сезеді жүрегім,

Оралшы тілерім…

Сені ойлап жүрегім жаралы,

Өртеніп барады,

Таусылды амалы.

Сені ойлап жүрегім іздейді,

Үмітін үзбейді,

Өтсін жаз, күз мейлі…

Қайырмасы:

Сұрайды жүрегім сұрайды,

Сағына сұрайды,

Себебім болған соң.

Сұрайды жүрегім сұрайды,

Тағы да сұрайды,

Керегің болған соң.

 

 

Соңғы жаңалықтар