“Жолдасым қаза тапты. Ал мен театрда рөл сомдадым” Лидия Кәден өміріндегі трагедиясын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жолдасым қаза тапты. Ал мен театрда рөл сомдадым” Лидия Кәден өміріндегі трагедиясын айтып берді

“Жолдасым қаза тапты. Ал мен театрда рөл сомдадым” Лидия Кәден өміріндегі трагедиясын айтып берді

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, актриса Лидия Каден "Ең алғашқы" бағдарламасына сұхбат берді.

  • 20 Мамыр 2021
  • 533
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Актриса Лидия Кәден сұхбат барысында жастық жақта өткен талай қызықтарын баяндап берді. Сонымен қатар театрдағы өміріне қатысты трагедиясында көзіне жас ала отырып айтып берді.

"Жолдасым ауырып жүрген кездер. Содан бір күні театрда спектакль жоспарланды. "Келіндер көтерілісі" атты. Билеттер сатылып жатыр. Жолдасым сол спектакль болатын күні сағат төрт шамасында құлап қалды. Мен кету керекпін мына жақта күйеуім талып жатыр. Содан Талғат Теменовқа хабарластым жағдайды айтып, ол кісі: "Қандай жағдай болмасын баруың керек, бүкіл билеттер сатылып кеткен. Сен болмасаң болмайды",-деді. Содан үнсіз кеттім. Жүрегім сезді өйткені мен кеткенше жолдасымды оята алмадық. Театрға келіп, гримм бөлмеге кіргенде көзімнен жас аға берді. Ойнайтын рөлім комедия.

Мен айттым: "Жарайды ойнаймын, бірақ менің қасыма ешкім жақындамасын.(көзіне жас алып)" Содан ешкім бөлмеме келген жоқ, комедияны ойнап шықтым. Алғаш рет қыздар келген екен мені көруге театрға. Содан есімді жинап есігімді ашқан едім.


Мысалы театрда өзің ойнап жатып өліп қалсаң ғана айтылады, "Кешіріңіздер, осындай жағдай орын алды",-деп. Ал отбасылық жағдайыңды көрермен түсінбейді ғой. Сол себепті ойнап шығуыма тура келген."-
деп сөзін аяқтады актриса.

 

Соңғы жаңалықтар