Жұлдыз Өмірғали: “Әкем өмірден өткен соң, анам бізді тастап кетті” - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұлдыз Өмірғали: “Әкем өмірден өткен соң, анам бізді тастап кетті”

Жұлдыз Өмірғали: “Әкем өмірден өткен соң, анам бізді тастап кетті”

Кешью тобының экс.мүшесі Жұлдыз Өмірғали "Менің өмірім" бағдарламасында ешкім білмейтін құпияларымен бөлісті.

  • 6 Сәуiр 2021
  • 479
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Қарапайым отбасынан шыққан Жұлдыз өзін ақсаусақ деп санайтындарға жауап берді.

"Мені ата-анам алақанына салып, аялап отырды деп айта алмаймын. Ауылда өстік сиыр саудық, қолмен кір жудық, таяқ жедік, қарапайым отбасынан шыққан қызбын", — деді әнші.

Жұлдыз сегізінші сыныпта оқып жүргенде әкесінен айырылып қалады. Анасы көп ұзамай басқа біреуге тұрмысқа шығып кетеді.Жұлдыз болса апасының қолында қалған.

"Мен жетінші сыныпқа дейін 4 пен оқыдым. Әкем мен сегізінші сыныпқа өткенде қайтыс болды. Содан мен тұйық болып қалғанмын. Кейін мектепте мұғалімдер немесе оқушылар бұның әкесі қайтыс болған деп айтса іштей қатты намыстанатын едім. Бар ойым 5-тіктердің қатарына қосылу болды. Содан 8-ден 11-сыныпқа дейін үздік бағамен бітірдім. Өзіме деген сенім қалыптасқанына қуандым сол кезде. Менің мектептегі жиналыстарыма көбінесе атам қатысатын. Анам келе алмайтын. Анам басқа адамға тұрмысқа шығып кетті. Өз отбасы болды, жұмыстары болды, өздерінің балалары болды сонымен уақыты болмаған шығар. Қазір де анаммен қатты араласам деп айта алмаймын. Олар қазір де ауылда тұрады. Анда-санда келіп қалады туысқандарына. Анамды қазір сөккендей болатын шығармын бірақ мен өз балаларымды ата-апасына тастап, қиып кете алмас едім. Анама әлі күнге ренішім бар, жасырмаймын. Сөзге келіп қалсақ неге бізді тастап кеттің деп айтып қалам. Мен енді ешкімді кінәламаймын, өзімде ана болдым. Өмір жалғасын табады",-дейді әнші.


 

 

Соңғы жаңалықтар