«Жұлдыздар осылай жанған еді» фильмінде Елбасы Н. Назарбаевтың қыздарының рөлдерін кімдер сомдайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жұлдыздар осылай жанған еді» фильмінде Елбасы Н. Назарбаевтың қыздарының рөлдерін кімдер сомдайды?

«Жұлдыздар осылай жанған еді» фильмінде Елбасы Н. Назарбаевтың қыздарының рөлдерін кімдер сомдайды?

Қазақстандық актрисалар Қарлығаш Мұхамеджанова мен Бибігүл Сүйіншәлина режиссер Сергей Снежкиннің «Жұлдыздар осылай жанған еді» фильмінде

  • 3 Қараша 2015
  • 532
Фото - Caravan.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қыздары — Дариға мен Динараның бейнелерін сомдайды.  

Фильмге қатысатындары туралы актриса Б. Сүйіншәлина өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті. Онда ол Қ. Мұхамеджанова екеуінің бірге түскен фотосуретін жариялай отырып: «Жұлдыздар осылай жанған еді» фильміне арналған киімдерді шақтап көру барысында Қарлығаш Мұхамеджанованы көрдім. Ол менің әпкем Дариғаны, ал мен Динараны ойнаймын. Айтпақшы, біз бұл жерде бетімізге макияж жасағанымыз жоқ», — деп жазған.

Айта кетелік, «Жұлдыздар осылай жанған еді» фильмі — ҚР Президентінің өмірі мен қызметіне арналған «Көшбасшы» киноэпопеясының заңды жалғасы.


Бесінші фильмге «Ақ гвардия», «Брежнев», «Қырмызы гүлдері» секілді филдьмдердің авторы, ресейлік режиссер Сергей Снежкин шақырылды.

Фильмде басты рөлді қазақстандық актер Берік Айтжанов сомдайды. Ол — «Махамбет», «Мұстафа Шоқай», «Ликвидатор» секілді фильмдерде ойнаған тәжірибелі актер. 

Соңғы жаңалықтар