"Жылайсыз, күйзелесіз, ойланасыз": "Айналар" фильмін көріп шыққандар неге жылап шықты? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жылайсыз, күйзелесіз, ойланасыз": "Айналар" фильмін көріп шыққандар неге жылап шықты?

"Жылайсыз, күйзелесіз, ойланасыз": "Айналар" фильмін көріп шыққандар неге жылап шықты?

28 қазан Оңтүстік астанада режиссер Рашид Сүлейменовтың “Айналар” фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

  • 29 Қазан 2019
  • 129
Фото - Caravan.kz

Фильм ауылдан қалаға нан табу үшін келген жастар туралы. Фильм кейіпкерлері жұмыс таба алмағандықтан айна ұрлаушы болса, тағы бір кейіпкер ата-анасын асырау үшін көңілдес болуына тура келеді.

Фильмде басты рөлдерде Аян Өтепберген, “KeshYou” тобының экс-әншісі Элизат Берікова, “Ninety One” тобының мүшесі Азамат Ашмақын (Ace) ойнайды.

Фильмнің басында төрт кейіпкер көліктің айнасын ұрлаймыз деп бір көліктің иесін өлтіріп алса, ал тағы бір көліктің иесі көлік ұрлаушылардың бірінің сыныптасы болып шығады.

Осыдан бастап фильмде төбелес, ұрыс басталады.

Ал осының барлығына ұзақ дайындық болған көрінеді. Бұл туралы фильм режиссері Рашид Сүлейменов Caravan.kz медиа порталының тілшісіне айтып берді.

Рашид Сүлейменов, фильм режиссері:

— Әлеуметтік фильм болғандықтан, оның үстіне ұрыс, төбелес көп болғандықтан әрине актерлер алдын ала дайындықтан өтті. Олар кәсіби каскадерлермен бірге дайындалып, барлығын да актерлердің өздері алып шықты. Тіпті кейде, басты рөлді сомдаған Аян Өтепберген рөлге кіріп кеткені соншалық, шынайы түрде төбелесіп кеткен кездері де болған.

Белгілі әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаеваға бұл фильм қатты әсер еткен.

Меруерт Түсіпбаева:

— Соңғы кезде бізде түсіріліп жатқан фильмдер арзан күлкі, қытықтап күлдіру болды. Мен өзім Рашид Сүлейменовтың “Құстар әні”, — атты сериалына түскен едім. Жұлдыз бол, жұлдыз болма ол барлық актерлерге сабыр сақтап, шыдайтын режиссер. Бұл фильмді көрген кезде көзіме жас алып, Денис Теннің жағдайы есіме түсті. Мына фильмді жастар, әрі жеткіншектер мен бойжеткендер міндетті түрде көруі тиіс. Өйткені, ауылдан келген жастардың көбісі тезірек ақша тапқысы келеді. Осы фильм арқылы ондай жастар айна ұрлауға болмайтынын, жалпы ұрлықтың қорлық екенін оның үстіне қыздарымыз да біреудің отбасын бұзуға болмайтынын, көңілдес болмау керек екенін көреді, біледі деп ойлаймын. Өнер деген осындай болады. Өйткені, айналаңда болып жатқан проблемаларды өнер адамы фильм арқылы, спектакль арқылы жеткізе білу керек. Бұл фильмде жылайсыз, күйзелесіз, ойланып шығасыз. Айнаға қарап, өзіңіздің кемшіліктеріңізді көргендей күш кешесіз. Міндетті түрде көру керек фильм.

Ал КешYou тобының экс-әншісі Элизат Берікова көңілдес рөлін ойнау қаншалықты қиын немесе оңай болғаны туралы айтып берді.


Элизат Берікова, актриса:

— Мен бұл фильмнің түсірілімнің алғашқы күні келгенімде, босанғаныма небәрі он күн болған еді. Содан болар, түнімен мәтінді жаттап барғаныммен де түсірілім алаңына келгенде ұмытып қала бердім. Бастапқы 10 күн мен үшін өте қиын болды, бірақ барынша тырыстым. Ал көңілдестің рөлін сомдау қиын әрине, әртүрлі сөздер де болады ау деп қорықтым. Дегенмен де мен актрисамын, бұл маған беріліп отырған рөл, сондықтан ойнап шықтым. Бірақ көңілдес болып ойнаудың өзі негізі біртүрлі екен, өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Дегенмен бұл кино, фильм сондықтан барымды салдым.

“Ninety One” тобының әншісі Азамат Ашмақын үшін де бұл фильм де ойнау оңайға түспеген.

Азамат Ашмақын, Ninety One тобының әншісі:

— Түсірілім оңай болған жоқ. Өйткені, фильмнің соңына қарай мен мүгедектің рөлін сомдаймын. Ал басында нан табуға тырысатын жас жігіттің образында боламын. Оның үстіне, балконнан секіріп кететін жерім болады фильмде. Оның барлығын каскадерлардың кеңесімен, бірақ өзім жасап шықтым. Жалпы фильм, жаман мен жақсының не екенін көрсетеді.

Шытырман оқиға мен драмаға толы режиссер Рашид Сүлейменовтың бұл фильмін қазақстандықтар 31 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көре алады.

 

Соңғы жаңалықтар