Жырау Елмұра Жаңабергенова тегін концерт тарту етпек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жырау Елмұра Жаңабергенова тегін концерт тарту етпек

Жырау Елмұра Жаңабергенова тегін концерт тарту етпек

25 желтоқсан күні сағат 19.00-де Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында «Аралым – айдын-шалқарым» атты шығармашылық кеш өтеді. Той иесі - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мәдениет қайраткері, өнертану ғылымының кандидаты - Эльмира Жаңабергенова.

  • 23 Желтоқсан 2015
  • 2335
Фото - Caravan.kz

Эльмира Жаңабергенова алғаш рет 2003 жылы Конгресс-холл сарайында өз күшімен шағын кешін өткізді. Содан бері 13 жыл өтті. Ел алдында есеп берудің реті енді келіп отыр. Астана қаласы және Қызылорда облысы әкімдіктерінің қолдауымен өткелі отырған кеш «Аралым – айдын шалқарым» деп аталады. Концертті бұлай аталуының өзіндік себебі бар. Эльмира Жаңабергенова Аралдың қызы болғандықтан, бүгінде кіші Аралдың арнасы қайта толып жатқаны көңіліме зор қуаныш ұялатты. «Теңіздің табаны суға толды, балықтар көбейіп жатыр!» деген ақжолтай хабарды естігенде Эльмира Манасқызы де жай қарап отыра алмады. Қуаныштан «Сүйінші, шаттық!» деген ән жазылды. Бір ескерте кетерлігі, концертке кіру тегін.


Кешке түркі халықтарының дәстүрлі мәдениетін әлемге насихаттап жүрген Роза Аманова (Қырғызстан), Фериал  Башел (Түркия) және Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, шәкірттері Әлихан Дуйсенбай сияқты өнер майталмандары қатысады.

Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлтымыздың дәстүрлі өнерін насихаттау, жанашырлық таныту.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ: +77771255533  

Соңғы жаңалықтар