Жарияланды: 530

Ж.Жабаевтың 165 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысындағы жүлделі орындар

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 21-22 маусымда Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына арналып өткізілген республикалық ақындар айтысында батысқазақстандық қос айтыскер жүлделі орынға қол жеткізді.

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы Жансая Мусина екінші жүлдені жеңіп алса, тағы бір белгілі айтыс ақыны Бауыржан Халиолла үшінші орынға көтерілді. Бұл ақындардың екеуі де - бұрын республикалық, халықаралық додаларда жүлде алып жүрген танымал айтыс ақындары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін