6 мың шақырым жол жүрген грузиялық велосипедші бүгін Алматыға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 мың шақырым жол жүрген грузиялық велосипедші бүгін Алматыға келді

6 мың шақырым жол жүрген грузиялық велосипедші бүгін Алматыға келді

«Спорт бейбітшілік үшін» жобасы аясында 6 мыңдай шақырым жол жүріп өткен грузиялық велосипедші Нодар Боридзе бүгін өз саяхатын Алматыда аяқтад

  • 20 Сәуiр 2016
  • 335
Фото - Caravan.kz

«Мен үш ай жол жүрдім. 22 қаңтар күні Тбилиси қаласынан шығып, Баку, Тегеран, Ашхабад, Бұхара, Дұшанбі, Ташкент, Шымкент, Бішкек және басқа да қалаларда болып, велосаяхатымды бүгін Алматыда аяқтадым», — деді Н. Боридзе. 

Ол сонымен қатар, бұл велотурдың дайындық екенін айтты. Өйткені, алдағы 9 мамырда Владивосток қаласында «Спорт бейбітшілік үшін» жобасының №7-ші веломарофоны басталады.

«Мен Еуропа, Африка, Азия елдерін аралап өтіп, 2018 жылы Тбилисиге оралуды жоспарлап отырмын. Онда спорт шеруі және бейбітшілік Олимпиадасы болады», — деді ол.

Оның айтуынша, велосаяхаттың басты мақсаты — саламатты өмір салтын, велоспортты және әрине бейбітшілік, келісім, өзара сыйластық секілді құндылықтарды насихаттау. 

«Бүгінде әлемде қаржы дағдарысы ушығып тұр. Әр жерде қарулы қақтығыстар болып, адамдар зардап шегіп жатыр. Ал негізі Қазақстандағы секілді ұлтаралық татулық болуы қажет. Қазақстандықтар өте қонақжай халық. Алматыда бұқаралық велоспортты дамыту үшін көптеген шаралар жүзеге асырылып жатыр. Өйткені, велосипед тебу — адамның денсаулығын нығайтуға, көңіл-күйін көтеруге, экологияны жақсартуға септігін тигізеді», — деді Н. Боридзе.


Алматыда велосаяхатшы бірнеше күн болып, грузин диаспорасының өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 23 сәуірде алматылық велоәуесқойлардың ұйымдастыруымен өтетін 200 шақырымдық велошеруге қатысады.

Соңғы жаңалықтар