6 мыңға жуық адам электронды білезіктер арқылы бақыланады - Қасымов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 мыңға жуық адам электронды білезіктер арқылы бақыланады - Қасымов

6 мыңға жуық адам электронды білезіктер арқылы бақыланады - Қасымов

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 2018 жылы 6 мыңға жуық адамның электронды білезік тағатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 25 Қыркүйек 2017
  • 200
Фото - Caravan.kz

"Пробациялық бақылауда жүрген адамдарды электронды түрде бақылау. Бұл жерде электронды білезіктерді енгізу туралы айтылып отыр. Жыл сайын 6 мыңға жуық осы білезіктермен бақылауда жүретін болады", — деді Қасымов Мәжілістегі үкімет сағаты барысында.

Сондай-ақ, ол министрліктің бұл жобаны басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен талқылап жатқанын айтып өтті.

"Келесі жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз", — деді министр. Сонымен қатар, Қасымов бұл жүйенің бақылау ережелерін бұзуға жол бермейтінін айтты.

"Қызметкерлер белгіленген тәртіпті бұзғысы келгендердің кез келген әрекетіне тосқауыл қояды", — деп уәде берді ішкі істер министрі.

Айта кетейік, үкімет сағатының алдында депутаттарға бақылау құралдары көрсетілді. Сотталғандарды және шартты түрде сотталғандарды бақылау мақсатында қолданылатын электронды құралдар таныстырылды.


Сондай-ақ, министрліктің баспасөз қызметіндегілер сотталушылардың осы білезіктер арқылы операторлармен байланысқа шыға алатынын нақтылады. Электронды білезіктің станциясында сотталушының қай жақта жүргені GPS арқылы көрсетіліп, ІІМ серверіне жіберілетін болады.

Соңғы жаңалықтар