8 адамды өрттен құтқарған қостанайлық жігіт ерлігін жасырып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 адамды өрттен құтқарған қостанайлық жігіт ерлігін жасырып қалған

8 адамды өрттен құтқарған қостанайлық жігіт ерлігін жасырып қалған

Қостанайда 8 адамды өрттен құтқарып, ерлігін жасырып қалған аға сержант марапатталмақ, деп хабарлайды Baq.kz «Қостанай жаңалықтары

  • 20 Шiлде 2017
  • 281
Фото - Caravan.kz

Қостанайда 8 адамды өрттен құтқарып, ерлігін жасырып қалған аға сержант марапатталмақ, деп хабарлайды Baq.kz «Қостанай жаңалықтарына» сілтеме жасап.

Оқиға осы жылдың сәуір айында болған. «Атлант» дүкенінен өрт шыққан кезде 8 адам жертөледе қамалып қалыпты.

Оқиға орнына келген №1өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Үсен Жаулыбаев аға сержант Аслан Нұрмағанбетовке жертөленің есігін бұзуға тапсырма берген. Әйтпесе бірнеше секундтың ішінде жағдай ушығып кетуі мүмкін еді.

Құрал-сайман арқылы есікті бұзған ол іштегі адамдарды сыртқа шығарады. Сондай-ақ ғимараттан әрбірі 50 литрлік екі газ баллоны шығарылды. Дүкендегі жиһаз, үстелдер мен орындықтар, есік, электрқалқан – бәрі-бәрі отқа оранған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жарты сағаттың ішінде сөндірді.

8 адамды өрттен құтқарған жігіт дүкен әкімшілігінен алғыс хат келмегенге дейін ерлігі жайында ешкімге тіс жармаған. Енді әріптестері оны марапатқа ұсынуды жоспарлап отыр.


Айта кетсек, Аслан Нұрмағанбетов – 30 жаста, өрт сөндіруші болып қызмет еткеніне 11 жыл болған.

     
Соңғы жаңалықтар