Жарияланды: 944

Әбдірайымов елді ақша жинап, Жаманқұловқа көмектесуге шақырды

Әбдірайымов елді ақша жинап, Жаманқұловқа көмектесуге шақырды Сурет - proxyaka.com

«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловты қолдауға шақырды. Ол елге өсек аяң тергенше ақша жинап,  Жаманқұловтың ақталып шығуына жұмсауды ұсынды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әбдірайымов әлеуметтік желіде елге қарата былай депті: 

“Я, Алла! Ақты – ақ, қараны – қара, деп ажыратып берші! Адамдар неге пенде екенін ұмытып, түзу бола қалады? Кім қателеспей жатыр? Кім жемей жатыр? Өмір бойы өнерге шын қызмет етіп, жетпіске таяғанда (69 миллион) тағдырын талқан етпекші ме? Жазғыштарым-ай, жазыңдар енді…

Біреудің купальнигі мен табысын санап, бірінің байын, бірінің қатынын санап, белден төмен өсек жазып. Шынын жазыңдар! Ел ағасы жайлы жазыңдар, ақиқат іздеңдер, сенсация жасаңдар! Ашығын xалық білсін! Расында кінәлі болса, 69 миллион доллар емес қой, теңге. Өнерді бағалайтын қалталы азаматтар болса, көбірек шығарсын, қалғаны шамасына қарасын. Расында қарыз болса алсын. Теріс болса Қияметте есеп қыларсыздар.

Елдігің қайда, бірлігің қайда? Ағаның шәкірттері қайдасыздар? Ес білер жауапты біреуіңіз қолға алыңыз. Есепшот ашыңыз! Қарап қалмаңыздар! “Ақ жүніс” журналын немесе интернеттен тауып оқыңыздар. Тақырып түсінікті болу ушін. Елбасы мен әділ сотқа ғана үмітті, аға! Сот әділетсіз болса ше? Ақталуына ат салысып, 70 жылдық тойын атап өтейік! Алла сол күнді нәсіп етсін!” – деп жазды әнші.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]