Адольф Гитлер 70 жылдан кейін Аргентинадан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адольф Гитлер 70 жылдан кейін Аргентинадан табылды

Адольф Гитлер 70 жылдан кейін Аргентинадан табылды

Аргентиналық қария өзінің осы елге 1945 жылы жалған төлқұжатпен келгенін, енді ештеңені жасырмау керек деп шешкенін мәлімдеді.

  • 24 Маусым 2017
  • 17954
Фото - Caravan.kz

Өзінің айтуынша, оған құжаттарды Германияның құпия мемлекеттік полициясы (Гестапо) жасап беріпті. Төлқұжатына аты-жөнін Герман Гюнтенберг деп жаздырған. Ол содан бергі 70 жыл бойы жасырынып жүруге мәжбүр болыпты, деп хабарлайды Politros.com  Daily Report ақпараттық порталына сілтеме жасап.  

Қазір жасы 128-ге келуі тиіс «Гитлер» енді бой тасалағысы келмейтінін Израиль арнайы қызметтерінің қазір фашистік әскери қылмыскерлерді қудаламайтындығымен түсіндірген.

Ал оның әйелі күйеуінің ешқандай да фюрер еместігін, тек Альцгеймер дертімен (ұмытшақтық) ауыратынын айтып отыр. «Кейде өзінің кім екенін, қайда жүргенін ұмытып қалады. Еврейлер мен жындар туралы айтады» дейді ол.


Десе де, өзін Гитлермін деп мәлімдеген азамат алдағы қыркүйекте өмірбаян кітабын шығаруды жоспарлап отыр. Оның ойынша, бұл нұқсан келген абырой-беделін қалпына келтірмек.   

Соңғы жаңалықтар