Алакөл жағалауын дамытуға 500 миллион теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алакөл жағалауын дамытуға 500 миллион теңге бөлінеді

Алакөл жағалауын дамытуға 500 миллион теңге бөлінеді

ШҚО басшылығы демалыс аймағының дамуына 500 миллион теңге құюды жоспарлап отыр.

  • 28 Қараша 2016
  • 531
Фото - Caravan.kz

Бұл қаражатқа келесі жылы көлге апаратын жолдар жөнделеді, жағалау абаттандырылып, демалыс саябағы салынады, тротуарлар орнатылады және спорт алаңдары мен аттракциондары бар балалардың ойын алаңдары салынады. Сонымен қатар, автовокзал аумағы абаттандырылып, 200 орындық көлік тұрағы ашылады. 

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алакөл жағалауында туризмді дамыту мәселесін өз қолына алды. Оның тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы санитарлық-эпидемиялогиялық және өрт қауіпсіздігі бойынша көптеген ережелердің сақталмайтынын анықтаған. Соынмен қатар, 80 ғимаратта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша ережелер сақталмаған. Тексерістен кейін Үржар ауданының әкімі мен кәсіпкерлер арасында меморандумға қол қойылды. Меморандум бойынша, кемшіліктердің бәрі келесі маусым басталғанша жойылады. 


Үржар ауданындағы туризмді дамытуға арналған кеңес барысында демалыс орны аумағын алдағы гүлдендіру жұмыстарының жоспары таныстырылды. Аудан әкімі Серік Зейнулдиннің айтуынша, жұмыстардың барлығы 2017 жылдың 1 маусымына дейін аяқталады. 

"Мен осы ауданда жұмыс істейтіндердің бәрі өз міндеттерін орындап, абаттандыруға бағытталған жұмыстарын атқарады деген үміттемін. Бюджеттен алғаш рет Алакөлді Шығыс Қазақстанның мақтан тұтуға болатын тамаша өлкесіне айналдыруға қаржы бөлініп отыр", — деді Даниал Ахметов, кеңесті қорытындылай отырып.


 

Соңғы жаңалықтар