Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны анықталды

Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны анықталды

[wpcode id="1694287"] Синоптиктер 2017 жылғы 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews

  • 26 Сәуiр 2017
  • 330
Фото - Caravan.kz


Синоптиктер 2017 жылғы 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

 "Кавказ аумағынан жылжып келе жатқан  антициклон әсерінен, Батыс Қазақстан аймақтарында  алдағы уш тәулікте ауа райы  жауын-шашынсыз және жылынады деп болжанады", — дейді синоптиктер. Еліміздің қалған аймақтарында полярлы атмосфералық фронттар арктиканың суық фронттарға жалғасады. Осы фронттардың әсерінен, Қазақстандықтарды жаңбырлы, найзағайлы ауа райы күтіп тұр. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел және ауа райының салқындауы байқалады. "Егер өткен тәулік, 25 сәуірде ауа температурасы (батыс аудандарды қоспағанда) 4-8ºС нормадан жоғары болса, 28-29 сәуірде еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында температура климаттық нормадан 2-5ºС дейін төмендейді", — деп болжады "Қазгидромет" РМК өкілдері. Астана қаласы: бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +10+12С, күндіз +16+18°С болады. Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +12+14°С, күндіз +27+29°С болады.

Соңғы жаңалықтар