Алғабастағы қисайған үйдің тұрғындары 1 сәуірде қоныс тойын тойлайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алғабастағы қисайған үйдің тұрғындары 1 сәуірде қоныс тойын тойлайтын болды

Алғабастағы қисайған үйдің тұрғындары 1 сәуірде қоныс тойын тойлайтын болды

«Алғабас - 6» ықшамауданында қисайған үйдің тұрғындары 1 сәуірде қоныс тойын тойлайтын болды. Оларға компенсация ретінде бер

  • 7 Наурыз 2017
  • 426
Фото - Caravan.kz

«Алғабас — 6» ықшамауданында қисайған үйдің тұрғындары 1 сәуірде қоныс тойын тойлайтын болды. Оларға компенсация ретінде берілетін баспананың құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілуге әзір тұр. 72 пәтерлі 9 қабатты үйді «Астана құрылыс» компаниясы толығымен өз қаржысына салған. Жаңа баспананың жобасы бұрынғысымен бірдей, яғни шаршы метрлері еш өзгеріссіз. Ал, пәтерлердің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары, тұрғындар баспаналарына көшкен соң бірақ жүргізілмек.Бұл туралы Алматы арнасы хабарлады.

¤Маусым айында «Алғабас» ықшамауданындағы №136 үйдің іргетасы сыр беріп, 72 пәтерлі баспана 34 см шатқаяқтап еді. Дереу төтенше жағдай жарияланып, мұндағы тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілген. Осы оқиғадан соң арнайы комиссия құрылып, бірнеше техникалық-сараптамалық жұмыстар жүргізілді. Сарапшылар қисайған үйдің ақауын жөндеп, оны қайта қолданысқа беруге болатынына көз жеткізді. Соған қарамастан, кезіндегі құрылысын сапасыз жүргізіп, нәтижесінен үлкен сабақ алған "Астана құрылыс" компаниясы, қисайған үйдің тұрғындарына өз есебінен су жаңа баспана салып беруді ұйғарды.

«Үй толығымен бітті. Әлі енді біраз документтері бар. Мынау акт вводтан өту керек. Сосын газға қосылу керек, электричествоға көшу керек»,- деді Алматы қаласы Алатау ауданыныңәкімі, Бағдат Мәнізоров.

«Астана құрылыс» компаниясы әуелде апатты үйдің тұрғындарына жаңа баспананы былтыр желтоқсан айында беруді уәде еткен еді. Алайда, құрылыс жұмыстары аяқталмағандығын сылтауратып, уақытты кейінге шегерді. Осылайша мердігерлер жұртқа жаңа пәтерлер қаңтар айында, кейін наурыз айында беріледі деп созбаққа салды. Ал, жуықта тіпті, «жаңа баспана берілмейді, себебі қос үйдің құжаттарын ауыстыру мүмкін емес» деп тұрғындардың төбесінен жай түсірген еді. Бұл жаңалыққа ашынған қараша, өздеріне уәде еткен пәтерлерін даулап жиын өткізді. Көп күттірмей, жауаптылар бірауыздан шешім қабылдап, қисайған үйдің тұрғындарына жаңа баспана 1 сәуірден бастап берілені туралы шешім қабылдады.

«1-де бұл кісілер кіргеннен кейін паррарельно құжаттарын жасаймыз. Өйткені, біраз бір заңдылықтар бізде бар сот арқылы шешілетін. Өйткені, ескі үй мен жаңа үйді айырбас жасауымыз керек. Ол заң жүзінде сот арқылы шешілу керек. Ескі үйдің орнына жаңа үй салып бердік, соның құжат рәсімдеулері созылуы мүмкін»,- деді Алматы қаласы Алатау ауданыныңәкімі, Бағдат Мәнізоров.


Жаңа баспананың жобасы бұрынғысымен бірдей, яғни шаршы метрлері еш өзгеріссіз қалған. Сондықтан, бұрынғы апатты үйдің тұрғындары жаңа баспанадан, өздері тұрған үлгідегі пәтерлерді алады. Қазіргі кезде тұрғындардың жартысынан көбі жаңа баспанаға көшуге асық болса, кей тұрғындар ескі үйге баруды құп көріп отыр екен. Мердігер компания тұрғындардың барлығын бірауыздан шешім қабылдауға шақырды. Әрі, пәтерлерге көгілдір отын мен лифт қызметі, тұрғындар 80 пайызға қоныстаған соң ғана берілетінін жеткізді.

«Сапасына көзіміз жетті, мұны салғаннан басында болдық. Фундамент құярдың алдында астын жөндеген кезде барлығымыз куәміз, барлығымыз келдік, көрдік. Жеті сайын келіп тұрамыз. Келіп қарап тұрамыз қалай құйып жатыр»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Гүлнұр Қасиева.

«Кішкене-кішкене ауырлықтар, қиыншылықтар болды. Олардың барлығы бүгін шешілді. Енді қуанышымыз қойнымызға сыймай қуанып тұрмыз. 1 апрельден бастап үйге кіргізетін болды»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Гүлайша Абылаева.

Апатты үйдің тұрғындары жаңа баспаналарына кіргенше құрылыс компаниясы оларға өз есебінен, пәтер жалдап беруін жалғастыра береді. Сондай-ақ, «Астана құрылыс» 200 млн теңге қаражат шығарып, №136 үйді толықтай қалпына келтірген көрінеді. Енді ол пәтерлер компания меншігінде қалып, болашақта өзге азамттарға сатылмақ. Айдана Мейрамбайқызы, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы

Соңғы жаңалықтар