Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мұрат Дәрібаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып.

  • 18 Шiлде 2017
  • 285
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін әкімнің орынбасары болған Румиль Тауфиков басқа жұмысқа ауысады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Румиль Тауфиковке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді, кейін белгілі болатын жаңа қызметіне табыс тіледі.

Атап өтерлік жайт, Румиль Тауфиков жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына басшылық жасай отырып, қаланың көлік құрылымын реформалауды белсенді жүргізді; жалақы жөніндегі қарызды 1 млрд. теңгеге азайтып, жұмыспен қамту және миграция мәселесімен айналысты. Төтенше жағдайлар департаментімен бірге төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, моренді көлдердің таяздануын болдырмау барысында қомақты жұмыстар жүргізді; халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұтымды шешімдер қабылдады; денсаулық сақтау басқармасына басшылық жасай отырып, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге зор ықпал етті.

Алматы әкімінің жаңа орынбасары болып бұған дейін «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік» ҰК» АҚ-ы басқармасының төрағасы қызметін атқарған Мұрат Дәрібаев тағайындалды. Қала әкімінің жаңа орынбасары мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист, Алматы автожол институты мен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тамамдаған.

Түрлі жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің өнеркәсіп Комитетінің төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Бүркіт» Мемлекеттік авиакомпания» РМК директорының бірінші орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас инспекторы, аппарат басшысы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры, ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттіктің көлікті реттеу және телекоммуникация жөніндегі департамент директоры, ҚР индустрия және сауда министрлігі шағын бизнесті қолдау жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі және басқа да қызметтерді атқарды.

Атап өтерлік жайт, Мұрат Дәрібаевтің басшылығымен «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік» ҰК» АҚ-ы 2016 жылдың қорытындысы бойынша алғаш рет 3,4 млрд теңге көлемінде пайдаға қолжеткізді. Соңғы жылы 423,8 млн теңге салық төленді, ал 2015 жылы төленгені небәрі 41,7 млн. теңге болатын. ӘКК-нің 2017 жылғы алғашқы жартыжылдығының қаржы-экономикалық қызметінің алдын ала жасалған қорытындысы бойынша 611,4 млн. теңге көлемінде табыс түскен, ал бұған ұтымды басшылықтың арқасында қол жетті.


Соңғы 2 жыл ішінде ӘКК экология (автотранспортты газға көшіру), жол қауіпсіздігін қамтамасыз (камералар) ету, абаттандыру және басқа мәселелер бойынша инвестициялық жобаларды белсенді түрде жүзеге асырды.   

 

Соңғы жаңалықтар