Жарияланды: 160

Алматы әуежайының өкілдері әуе рейстерінің кешігу себебін түсіндірді

Алматы әуежайының өкілдері әуе рейстерінің кешігу себебін түсіндірді

 

Кеше Қазақстанның солтүстігінде ауа райының күрт нашарлауы салдарынан әуе рейстері жаппай тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өткен тәулікте (11/01 - 12/01) Алматы халықаралық әуежайында 17 рейс тоқтатылды. Алайда, оның ешқайсысына әуежай кінәлі емес. Әуе компанияларының Астана, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар қалаларына жоспарланған рейстері ауа райына байланысты тоқтатылды. Соның салдарынан Алматыдан ұшуы тиіс басқа да рейстер кейінге шегерілді. Соған қарамастан Алматы әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеді, біздің әуежайдың салдарынан бір де бір рейс тоқтатылған жоқ», - деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметіндегілер. 11-12 қаңтарда тоқтатылған рейстердің толық тізімі мынадай:

Air Astana әуе компаниясы: КС622/621 Франкфурт - Астана - Алматы - Астана - Франкфурт КС851/852

Алматы - Астана - Алматы КС671/672

Алматы - Астана - Алматы КС307/308

Алматы - Павлодар - Алматы КС853/854

Алматы - Астана - Алматы КС995

Алматы - Астана Scat әуе компаниясы: DV713/714

Алматы - Астана - Алматы DV704

Астана - Алматы Qazaq Air әуе компаниясы:

IQ351/352 Алматы - Астана - Алматы Lufthansa әуе компаниясы:

LH648/649 Франкфурт - Алматы - Астана - Фанкфурт


 

Закрыть