Жарияланды: 120

Алматы мен Астанада автокөлікті қайда қуаттауға болады

Алматы мен Астанада автокөлікті қайда қуаттауға болады

Алматы мен Астанада электрокөліктерге арналған алғашқы қуаттау станциялары орнатылды, деп хабарлады Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі.

Алғашқы елордалық электр бекеттері әуежай мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалы аумағында салынған. Тағы бірі Алматы қаласының орталық бөлігінде. 

Олар әлемдік стандартқа сай келеді, бір сағаттан бастап, 4 сағат ішінде әлемдегі кез келген электрокөлікті қуаттайды. 

Станцияларды ашуға жекеменшік инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін екі қалада 100 бекет салынатын болады.  Тағы жиырма станция Астана-Алматы республикалық тас жолында орнатылмақ. 

Қазір қазақстанда 200-дей электромобиль қолданыста.



 

Пікір қалдырыңыз

[X]