Алматы облысында теракт жасамақ болған 15 адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында теракт жасамақ болған 15 адам ұсталды

Алматы облысында теракт жасамақ болған 15 адам ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірлесе 13-24 қаңтар аралығында Алматыда және Алматы облысы маңындағы аудандарда бір

  • 11 Ақпан 2017
  • 838
Фото - Caravan.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірлесе 13-24 қаңтар аралығында Алматыда және Алматы облысы маңындағы аудандарда бірқатар арнайы операция жүргізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Ведомство өкілдерінің айтуынша, 2 радикал топ пен діни-экстремистік идеологияны ұстанушы 6 адамның іс-әрекеті бейтараптандырылды.

"Терроризмді насихаттау, террористік іс-әрекетке қатысуға дайындалу, діни алауыздықты қоздыру және қаруды заңсыз сақтауға қатысты деген айыппен барлығы 15 адам қамауға алынды. Ұсталғандардың тұратын мекенжайларын тінту барысында 5 граната, халықаралық террористік ұйымдардың атрибутикасы, діни мазмұндағы әдебиет және ақпаратты электронды тасымалдауыштар тәркіленді", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ қазіргі уақытта тергеу іс-қимылдарының жалғасып жатқаны хабарланып отыр.


"Көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру сонымен қатар "Универсиада-2017" жарысын өткізу кезінде қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етуге  ықпал жасады", — деп айта кетті баспасөз қызметіндегілер.
 

Соңғы жаңалықтар