Алматы облысында үйдегі сандықтан екі баланың денесі табылған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында үйдегі сандықтан екі баланың денесі табылған

Алматы облысында үйдегі сандықтан екі баланың денесі табылған

Алматы облысында Ащысай ауылының тұрғындары сандық ішінен екі баланың өлі денесін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылында тіркелген. 14 мамыр күні жергілікті тұрғындар 2007-2008 жылы туған екі баланы іздестіреді. Олардың денесі сол күні кешке жеке үйдегі сандықтың ішінен табылған.

  • 17 Мамыр 2017
  • 471
Фото - Caravan.kz


Ауыл тұрғындарының пайымдауынша, көрші тұратын балалар жасырынбақ ойнап жүріп, сандыққа тығылады. Кейін сандықтан шыға алмай, тұншығып, көз жұмған.

Ата-аналардың бірі болған жайттың жазатайым оқиға екеніне сенбей, кісі өлтіру дерегі бойынша тексеруді талап етіп отыр.

"Ата-аналардың қайғысын түсініп, көңіл айтамыз. Қазір тергеу ісі басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Тергеу барысында адамдардың айтқан пайымдаулары толық тексеруден өтеді", — деп атап өтті полиция.

 

Соңғы жаңалықтар