Жарияланды: 120

Алматы облысында жеті айлық қызын еденге лақтырған әйел сот алдына келді

Алматы облысында жеті айлық қызын еденге лақтырған әйел сот алдына келді

Алматы облысында өзінің жеті айлық қызын еденге лақтырған 28 жастағы Марина Тюменцева сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегiмiндеттердi орындамау") айып тағылды. Бүгін алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылар.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, ата-ана құқығынан айыруға қатысты азаматтық істің тыңдалымы әлі басталған жоқ. Марина Тюменцева мен оның балаларының тағдырын Алматы облыстық № 2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот шешетін болады. Осыған дейін осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, безбүйрек ананың видеоға түсірілген қылығы Интернет қолданушыларын ашуландырған еді. Кадрлардан ашуланған әйелдің жылап жатқан сәбиін видеоға түсіріп тұрған ер адамның көзінше еденге лақтырып жібергенін көруге болады.  
 

Пікір қалдырыңыз

[X]