Алматы облысындағы тас жолда алты көлік соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы тас жолда алты көлік соқтығысты

Алматы облысындағы тас жолда алты көлік соқтығысты

"Алматы-Өскемен" тас жолында алты автокөліктің қатысуымен жол апаты болды деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Іле ауданында "Алматы-Өскмен" тас жолының 18-ші шақырымында сағат 6:45-те тіркелген. Ол жерде Volkswagen Transporter, Subaru, үш Toyota көлігі және тағы бір белгісіз көлік соқтығысты.

  • 14 Желтоқсан 2016
  • 575
Фото - Caravan.kz

"Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Бастапқы болжам бойынша, жол апатына автокөліктердің арақашықтық пен жылдамдық тәртібін сақтамауы себеп болған", — деп ақпарат берді облыстық полиция баспасөз қызметі.

Жол апаты орнынан бір көліктің қашып кеткендігі анықталды, оны жол патрульдік полиция қызметкерлері іздестіруде. Жол апатынан зардап шеккен екі адамға – Subaru көлігін айдаған ер адам мен Toyota көлігінде отырған жолаушы әйелге медициналық көмек көрсетілді. 

 


Соңғы жаңалықтар