Жарияланды: 270

Алматы қалалық МКД қызметкері аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді .

Алматы қалалық МКД қызметкері аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді .

Д.Е.Назаров Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері бола тұрып, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып осы басқарманың бұрынғы қызметкері Р.Б.Конусовпен аса ірі көлемде - 10 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, екеуі екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 8 тамызында Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Д.Е.Назаров пен Р.Б.Конусовты ұстады.Ал 11 тамызда Алматының Алмалы аудандық сотының шешімімен Д.Е.Назаров пен Б.Конусов екі айға қамауға алынды', - деп хабарлады Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
 

Пікір қалдырыңыз

[X]