Алматы-Бішкек тас жолында болған жол апатынан бір адам көз жұмып, екеуі зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Бішкек тас жолында болған жол апатынан бір адам көз жұмып, екеуі зардап шекті

Алматы-Бішкек тас жолында болған жол апатынан бір адам көз жұмып, екеуі зардап шекті

Алматы облысындағы Алматы-Бішкек тас жолында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан бір адам мерт болып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Казахстан тілшісі.

  • 18 Тамыз 2017
  • 388
Фото - Caravan.kz

Жол-көлік оқиғасы 17 тамыз түнде Алматы-Бішкек республикалық автожолының 70-шақырымында болған. Toyota Carina автокөлігі Audi-100 автокөлігімен соқтығысты. 

Апат салдарынан Audi ішінде болған үш әйел зардап шегіп, оның біреуі оқиға орнында көз жұмды, екеуі түрлі жарақаттармен Ұзынағаш ауылы ауруханасына жеткізілді. 

Алдын-ала болжам бойынша 33 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қарсы бетіне шығып кетіп, жол бойында тоқтап тұрған Audi автокөлігіне соқтығысқан.

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі. 


Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендердің барлығы Жамбыл облысының тұрғындары екені анықталды. 

 

Соңғы жаңалықтар