Алматы-Бішкек тасжолында екі адам мінген автокөлік өртеніп кетті - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Бішкек тасжолында екі адам мінген автокөлік өртеніп кетті

Алматы-Бішкек тасжолында екі адам мінген автокөлік өртеніп кетті

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болды. Екі адам оқиға орнында тілге келместен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

  • 16 Маусым 2017
  • 361
Фото - Caravan.kz

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болды. Екі адам оқиға орнында тілге келместен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін түнгі сағат 1:30-дар шамасында болған. Mitsubishi Galant пен жүк тиеген көлік соқтығысқан. Жеңіл автокөлік камаздың астына кіріп кетіп, өртене бастаған. Алдын ала болжам бойынша, ішіндегі жүргізуші мен жолаушы көліктен шыға алмай, жанып кеткен. Ал камаз жүргізушісі дін-аман. «Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) соталды тергеу басталды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған», деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзекова. Қазір көлік апатының видеосы әлеуметтік желіде таралуда.



 

Соңғы жаңалықтар