Жарияланды: 339

Алматыда автобус кондукторы мүгедек жанды қорлады

Алматыда автобус кондукторы мүгедек жанды қорлады]

Алматыда автобус кондукторының мүгедек ер азаматты қорлаған сәтін куәгерлер видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.

Видеоролик Instagram желісіндегі eap_kz парақшасында жарияланған, деп жазады Sn.kz.

Видео авторы оқиғаның №34 бағыттағы автобуста орын алғанын жазған. Автобус кондукторы жүре алмайтын ер азаматты жерге сүйретіп, кейін балдағы мен зат салынған дорбасын лақтырып тастайды. Мұнан кейін әйел автобусқа отырып кетіп қалған.

Green Bus автобус паркінің директоры Бауыржан Кулишев болса видеороликті көріп шыққанын, аталған автобустың жүргізушісін іздеп жатқанын Tengrinews.kz тілшілеріне хабарлапты. Табылғаннан кеін міндетті түрде шара қолданамыз дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]