Алматыда автобуспен соғысқан Gelandewagen-ді прокуратура қызметкері жүргізген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автобуспен соғысқан Gelandewagen-ді прокуратура қызметкері жүргізген

Алматыда автобуспен соғысқан Gelandewagen-ді прокуратура қызметкері жүргізген

Алматыда № 63 бағытында жүретін автобус соғысқан Mercedes-Benz G-класс тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкері болған. 

  • 12 Мамыр 2017
  • 349
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық прокуратурадағылар хабарлапты. 

"Шынымен де Mercedes-Benz G-класс тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкерлерінің бірі болған, ол 2017 жылдың 2 мамырынан бастап еңбек демалысында жүрген", — деді Алматы прокуратурасындағылар.

Қазіргі уақытта Алматы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік қызметі қызметтік тексерісті бастап кетті. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен еі жасар қыз, қалалық құкзырлы органның мәліметінше, жол талғамайтын көліктің салонында болған. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалаған, ол кеуде тұсынан жарақат алып, бассүйек миы зақымдалған. 

Алматы прокуратурасының мәліметінше, 11 мамырда Mercedes көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Потемкин көшесімен (Тілендиев көшесіне жақын маңда) қиылысатын жерде оңға маневр жасау кезінде № 63 бағытында жүретін Yutong маркалы автобусқа соғысқан. Қоғамдық көлік те шығыс бағытқа арнайы автобустарға арналған жолақпен кетіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан қоғамдық көліктің 17 жолаушысы және Mercedes автомобилінің ішінде отырған сәби әртүрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы қалалық аураханаларға жеткізілді.

Жол апаты дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр.  


Еске салайық, бүгін жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болды. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған. Соғысу салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кеткен, ал жолаушылар автобусы бағанға соғысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 15 адам зардап шеккен, оның ішінде автобустың да, жеңіл көліктің де жүргізушісі бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.
 

Соңғы жаңалықтар