Алматыда бар-бар: Ерке Есмаханның сүйіктісін тапқаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бар-бар: Ерке Есмаханның сүйіктісін тапқаны рас па?

Алматыда бар-бар: Ерке Есмаханның сүйіктісін тапқаны рас па?

Алматыда жоқ-жоқ, Астанада жоқ-жоқ! 2017 жылды сүйіктісін іздеумен өткізген Ерке Есмахан ит жылының басында оны тапқан ұқсайды.

  • 22 Қаңтар 2018
  • 1120
Фото - Caravan.kz

Желіде Ерке Есмахан мен актер Әли Байжұматтың бірге түскен суреттері көрген жұрт осылай деп топшылады, деп жазады Stan.kz.

Естеріңізде болса, Әли мен Еркенің тойға бірге барғанын, сондай-ақ, бір-біріне махаббат сезімін білдіретін “белгілер” қалдырғанын жазған едік.

Бұл сөзімізді Әли Байжұматтың өзі растай түскендей. Себебі ол кеше instastories-де белгісіз арумен қол ұстасып отырған суретін жариялады.

Дәл осы сәтте Ерке Есмахан жаңадан алған сағатын көрсетіп мақтанды. Аңғарымпаз тыңдармандар Әлидің жанында отырған қызды Ерке деп топшылады. Себебі суреттегі қыз дәл Еркенікіндей сағат және білезік тағып алған.


Алайда бұл танымалдылықты арттыру мақсатында жасалған кезекті пиар болуы мүмкін екенін де жасырмаймыз.

Соңғы жаңалықтар