Алматыда бес күн бойы жауады деп күтілген қар түсе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бес күн бойы жауады деп күтілген қар түсе бастады

Алматыда бес күн бойы жауады деп күтілген қар түсе бастады

Алматыда бес күн бойы жауады деп күтілген қар бүгін түнде түсе бастады. Тиісті орындар ақ ұлпа үзіліспен жауады деп отыр. Сөйтіп, оңтүстік астанада қармен таласа қарбалас та басталып кетті.

  • 17 Қараша 2016
  • 1209
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Қала әкімдігінің бес күн бойы қар жауатынын ескерткені жайында кеше айтқанбыз. Ондағылар көлік жүргізушілерін жолдарда жылдамдық межесін сақтауға, қар тазалайтын техникалардың жұмысына кедергі келтірмеу үшін машиналарын жол жиектерінде қалдырмауға шақырды. "Қысқы дөңгелектерді айырбастауға айрықша мән берілуі тиіс” деді олар.

Сонымен қатар, қала әкімшілігі қалың қардан электр желілерінің зақымдануы, ағаштардың сынуы, жол апаттарының жиі болуы мүмкін екенін ескертті. “Алматы қаласының коммуналдық қызметі барынша жауапкершілікпен жұмыс істейтін болады. Қала көшелерін жауған қар мен қатқан мұздан 1600 жұмысшы мен 763 арнайы техника тазалайды. Тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылады”, — деп мәлімдеді әкімдіктегілер.


Соңғы жаңалықтар