Алматыда бұрынғы министр Темірхан Досмұхамбетовтің үйінен 3 миллион доллардан аса ақша ұрланған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бұрынғы министр Темірхан Досмұхамбетовтің үйінен 3 миллион доллардан аса ақша ұрланған

Алматыда бұрынғы министр Темірхан Досмұхамбетовтің үйінен 3 миллион доллардан аса ақша ұрланған

Экс-министр ұрланған 3 миллион долларын қайтара алмай жүр. Сұғанақтар бұрынғы Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтің одан бөлек 50 мың еуросы мен құны 150 мың доллар тұратын бағалы сағатын да қолды қалған екен.

  • 10 Тамыз 2017
  • 1914
Фото - Caravan.kz

Көп ұзамай күдікті де ұсталыпты. Бірақ, ұрлыққа еш қатысым жоқ деген ол енді өзінің кінәсіз екенін сотта дәлелдей алмай әлек, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұрынғы Туризм және спорт министрі, Астана қаласының әкімі, Президент істері басқармасының басшысы, Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы, Мәжіліс депутаты. Темірхан Досмұхамбетовтің осыған дейінгі атқарған қызметтерін тізіп айтса таусылмас. Ал бүгінде белгілі кәсіпкер. Биыл дәл Наурыз мейрамында экс-шенеуніктің үйінен ірі көлемде ақша ұрланыпты.

Бұл туралы құзырлы орындардың құжаты былай дейді:

«Белгісіз тұлғалар өзгенің мүлкіне қол сұғарын біле тұра заңсыз жолмен ғимаратқа кіріп, бөлмеде орналасқан металл сейфті бұзып, сол жерден Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлына тиесілі ірі көлемдегі ақшаны ұрлап, сол арқылы айтарлықтай мүліктік зиян келтірген».

Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адам қамауда отыр. Алайда адвокаты оның ешқандай ұрлық жасамағанын айтады. Өйткені іс бойынша ұрлыққа куә болған адам жоқ.

«Ол кісі үйде болған. Ол кісінің әйелі үйде болған. Ол кісі түнгі уақытта үйде ұйықтаған. Үйден шықпаған» дейді адвокат Әлімжан Оралбай.


Ұрлық болған үйдің маңайы қазір шыбын даусы естілместей тым-тырыс. Қақпасы берік бекітілген, ішіне кіріп-шығып жатқан адам көрінбейді.

Ал Темірхан Мыңайдарұлы ұрылар түскен үй бауырына тиесілі екенін айтып отыр. Сөзіне сенсек, ағасы қалада болмай қалып, орнына полицияға өзі арыздануға мәжбүр болыпты. Десе де іс материалдары бойынша Досмұхамбетовтың өз аты тұр. Демек, экс-шенеуніктің есімі әлі талай сөз болайын деп тұр.

Соңғы жаңалықтар