Алматыда ең ірі алма фестивалі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ең ірі алма фестивалі өтіп жатыр

Алматыда ең ірі алма фестивалі өтіп жатыр

Алматыда Қала күні аясында «AlmaFest - 2017» дәстүрлі алма фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 17 Қыркүйек 2017
  • 270
Фото - Caravan.kz

Аталған фестиваль жыл сайын 200 мыңнан астам алматылықтар мен қала қонақтарының басын қосады. Фестиваль барысында «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен марапаттау салтанаты өтті.

Салтанатты шара аясында «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағына Қазақстанның мемлекеттік саяси қайраткері, елші, экономика ғылымдарының докторы, еліміздің волейбол Федерациясының президенті Абықаев Нұртай Абықайұлы, Қазақ ССР Министерлер Кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Жәнібеков Шәңгерей Жәнібекұлы, Сталинград шайқасына қатысушы, отставкадағы полковник, ақын, табиғатты сақтау қоғамының Алматы кеңесінің төрағасы Гирш Леонид Юзефович ие болды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек құттықтау сөзінде Алматының мәдени, ғылым- білім, спорт, қаржы және іскерлік орталық екенін айта келе, мегаполистің өмір сүруге, жұмыс істеуге, демалуға жайлы мекен болғанын тілге тиек етті.

«Алматыда туған, өсіп-өнген және осында тұратын азаматтар үшін бұл тек жанға жайлы қала ғана емес. Бұл — туған өлке, қашан да жүрегіңнің төрінен ерекше орын алатын қасиетті мекен. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизм туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», — деп атап өткен болатын. Ел Тәуелсіздігі Алматыда жарияланды, Ата Заңымыз, мемлекеттік рәміздеріміз бен ұлттық валютамыз біздің қаламызда бекітілді. Алматы мәңгіге Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі болып қала бермек. Мегаполисте бизнес қарқынды дамып, шаһар экономикасы 100 есе артты. Мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Елбасы айтқандай, «Алматы — Орталық Азияның інжу-маржаны», — деді Бауыржан Байбек.

«АЛМАFest-2017» — мегапоисте осымен алтыншы рет өтіп жатқан ауқымды мәдени-көңілді шара. Саябақ аумағында: «АЛМА ART», «АЛМА BAZAR», «АЛМА ОТБАСЫ», «АЛМА MASTER», «АЛМА AUEN», «АЛМА FASHION» и «АЛМА DRIVE» алаңдары жұмыс істеуде. Мұнда ашық аспан астында дегустация да өтіп жатыр. Шарада 100 тоннадан астам алма сатылады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар