Жарияланды: 142

Алматыда ереуілге шыққан жұмысшыларға жалақы дүйсенбіге дейін берілетін болды

Алматыда ереуілге шыққан жұмысшыларға жалақы дүйсенбіге дейін берілетін болды Сурет - tengrinews.kz

Алматыда бүгін «Алатау Сити» тұрғын үй кешенін салып жатқан «Ақтілек Құрылыс Компаниясы-2016» ЖШС құрылысшылары ереуілге шықты. Наразылық білдірген жұмысшылар Момышұлы көшесін жауып тастады.

Олардың айтуынша, жұмыс берушілер наурыз, сәуір айларының жалақысын әлі бермеген. Алматы қалалық еңбек және көші-қон мемлекеттік инспекциясы хабарлағандай, нысанның бас мердігері «Exclusive Constraction» ЖШС субподрядты мекемеге 65 млн. теңге аударуы тиіс болған. Алайда, ақша төленбегендіктен «Ақтілек Құрылыс Компаниясы-2016» ЖШС жұмысшыларға берешек болып қалған. Басқарма қызметкерлері оқиға орнына барып, аталған компания басшыларынан 22 мамырға дейін берешекті қайтару туралы кепілдік хат алды. Құрылыс нысанының бас мердігері жұмысшылардың жалақысын дүйсенбіге дейін аударамыз деп сендірді.


 

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]