Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
"Бүгін Алматы қаласының мәслихатының VI шақырылымындағы сессиясы барысында мегаполис тұрғындарының көптеген ұсыныстары бойынша қалалық ономастикалық комиссия мен ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиямен келісу бойынша Алматыдағы басты көшелердің біріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімін беру туралы шешім шығарылды", — делінген ресми хабарламада.