Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккен екі адам жан сақтау бөліміне түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккен екі адам жан сақтау бөліміне түсті

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккен екі адам жан сақтау бөліміне түсті

 

  • 7 Шiлде 2016
  • 451
Фото - Caravan.kz

Алматыда Сүйінбай даңғылында болған ірі жол-көлік оқиғасына тап болған «Audi» және жүк көліктерінің жүргізушілері жан сақтау бөліміне жеткізілген. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлім етті.

«Сүйінбай даңғылында алдымен «Ауди» және жүк көлігі соқтығысқан. Мұнан соң олар сол маңда тоқтап тұрған екі көлікті барып соққан. Екі көліктің жүргізушілерін жедел жәрдем жан сақтау бөліміне алып кетті. Нақты қанша адамның зардап шеккені әзірге белгісіз», – деді ол.

Оның айтуынша, қазір оқиға орнында апаттың себебін анықтау үшін тексеру жүріп жатыр.


Естеріңізге сала кетейік, куәгерлердің айтуынша, жол апатынан 7 адам зардап шеккен, араларында жүкті әйел де бар.

Соңғы жаңалықтар