Алматыда көшеден табылған кішкентай баланың анасы іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көшеден табылған кішкентай баланың анасы іздестірілуде

Алматыда көшеден табылған кішкентай баланың анасы іздестірілуде

Жасы шамамен 3-тегі балақайды көшеде қарны ашып, жылап жүрген жерінен адамдар тауып алған.

  • 13 Қыркүйек 2017
  • 900
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, кішкентай баланы полицияға тапсырған. Ал олар өз кезегінде әне-міне жақындары табылып қалар деген үмітпен уақытша балалар ауруханасына орналастырыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірақ үш күннен бері бала іздеген адам жоқ. Есесіне бүлдіршін шырылдап анасын іздеп жүр. Тек бүгін ғана ойыншықтарға алданып, жылауын қойыпты. Бала бөтендерден үркіп сөйлемейді. Десе де, медбикелер тамағын беріп, жуындырып анасын тосып отыр.

"Екі апта, бір айға дейін созылады. Егер ешкім іздеп келмесе, ешкім хабарласпаса, біз құжаттарын рәсімдеп, балалар үйіне жібереміз" дейді №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының аға медбикесі Маржан Мамаева.


Соңғы жаңалықтар