Алматыда лаңкестікке қатысты әлеуметтік желілерде таратылған аудио және бейнежазбалар тексерілуде - ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда лаңкестікке қатысты әлеуметтік желілерде таратылған аудио және бейнежазбалар тексерілуде - ІІД

Алматыда лаңкестікке қатысты әлеуметтік желілерде таратылған аудио және бейнежазбалар тексерілуде - ІІД

 Алматыда лаңкестік әрекетке қатысты әлеуметтік желілерге шыққан барлық аудио және бейнежазбаларға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

  • 19 Шiлде 2016
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Әлеуметтік желілер бойынша бөлек тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл өз алдына бөлек жеке, сотқа дейінгі тергеу шарасына жатады. Қазір әлеуметтік желілерде пайда болған барлық аудио және бейнежазбалар бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», — деді С. Әзірбек.

Сонымен қатар, С. Әзірбек әлеуметтік желілер арқылы қасақана жалған ақпарат тарату бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Яғни, қасақана жалған ақпарат таратқандар 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылады.

Осыған байланысты, Алматы қалалық ІІД қала тұрғындарын тек ресми ақпараттарға ғана назар аударуға шақырды.


Естеріңізге сала кетелік, Елбасы Н. Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысында Алматыда лаңкестікке қатысты жұртшылықты арандатушылықпен айналысқандарды қатаң жазалау керектігін айтты.

Соңғы жаңалықтар