Алматыда мектепті бітірген бойжеткен жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мектепті бітірген бойжеткен жоғалып кетті

Алматыда мектепті бітірген бойжеткен жоғалып кетті

Алматыда 18 жастағы бойжеткен Назерке Әріп із-түссіз жоғалып кетті деп жазады Тengrinews.kz. Қыздың туыстарының айтуынша, биыл Назерке ҰБТ-дан 100 балл жинап, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетке түспекші болған екен.

  • 7 Тамыз 2017
  • 297
Фото - Caravan.kz

Бойжеткен соңғы рет 10 шілде күні сағат 14:30-да байланысқа шыққан. Өзі Алматы іргесіндегі Тұздыбастау ауылында тұрады екен.

"Назеркені іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қыз әлі табылған жоқ. Ол Тұздыбастау ауылындағы үйінен 10 шілде күні сағат 13:40-та шығып кеткен. Қазірге дейін еш ақпарат жоқ. Бойы 162 см, салмағы 55 кг. Үстінде қара көйлегі болған. Шашы ұзын қара түсті. Келесі күні оның ұялы телефоны арқылы қайда болғаны тексерілді, анықталғандай ол Гурилев, Тәтібеков, Рысқұлов, Айша бибі көшелері арқылы жүріп өткен", — дейді Назеркенің туыстары.

Қыздың ата-анасы Назеркені ізденуге халықтан көмек сұрап отыр. Кез-келген ақпаратты 87027516977, 87754820550, 87017590874 байланыс номерлеріне хабарлауға болады.


Соңғы жаңалықтар