Жарияланды: 160

Алматыда Мұхтар Әблязов ісіне қатысты алғашқы сот процесі басталды

Алматыда Мұхтар Әблязов ісіне қатысты алғашқы сот процесі басталды]

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовқа қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Сотталушылардың адвокаттары қылмыстық іс бойынша басты фигурнат Мұхтар Әбілязовтің қатысуынсыз сот талқылауының өтуіне қарсылық білдірген жоқ. 

Аталған қылмыстық іс бойынша сотталушылар: БТА банкінің экс-топ-менеджері, төраға орынбасары Жақсылық Жарымбетов, Несиелендіру бойынша бұрынғы директоры Қайрат Садықов, бұрынғы басқарма төрағасы Сәдуақас Мамеш. Соның ішінде, Әбілязовке қылмыстық қауымдастық құрды, БТА банкінің қаржысын жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланып, банк қаржысын заңсыз жұмсады деген күдік бойынша айыптар тағылған.

Нақтыланған тергеу шаралары ұрланған қаржы халықтың зейнетақы салымы, Қазақстан азаматтарының жеке жинақтары мен шетелдік қаржы институттарынан алынған қарыздар екенін анықтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросы ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекс талаптарына сәйкес, БАҚ арқылы Әбілязовті тергеуге шақыртқан. Алайда, Әбілязов тергеуге келуіне кедергі келтіретін себептерді көрсетпестен, шақыртуға келген жоқ.

Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросы БТК банкінің қаржысын жымқырды деген күдікпен айыпталған Әбілязовке қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын 2017 жылдың ақпан айында аяқтаған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]