Алматыда полиция көлігі 9 жастағы баланы қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда полиция көлігі 9 жастағы баланы қағып кетті

Алматыда полиция көлігі 9 жастағы баланы қағып кетті

Алматыда полиция көлігі жаяу жүргінші жолында 9 жастағы баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.

  • 13 Наурыз 2017
  • 385
Фото - Caravan.kz

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Жангелдин көшесінің бойында Рысқұлов даңғылымен қиылысының маңында бүгін таңғы уақытта болған.

"Бала жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан. Екі көлік тоқтап, баланы өткізіп тұрған. Яғни Жангелдинде екі жолақ — жоғары қарай (Оңтүстік) және бір жолақ қарсы бағытта (Солтүстік) — автобустарға арналған жол. Осы қарсы бағыттағы жолмен полиция көлігі жүріп келе жатып, жоғары жылдамдықпен баланы қағып кетті", — деді оқиғаның куәгерлері. 

Куәгерлердің мәліметінше, полицейлер басқа бір көлікті қуып бара жатқан кезде баланы қаққанын түсіндірген.   

"Олар баланы көлікке салып, 4-ші ауруханаға алып кетті. Кейін олар жол апаты болған жерге қайтып келді, қазір көлік сол жерде тұр", — деді куәгер. Ауруханадағылар жол апатынан зардап шеккен 9 жастағы баланың жеткізілгенін растады. "Оған алғашқы көмек көрсетілді. Қазір балалар ауруханасына ауыстырамыз. Оның жағдайы тұрақты", — деді Алматы қалалық №4 аурухананың өкілдері. Ал қалалық ІІД өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. "Полиция көлігі жарықдыбыс белгілерімен келе жатқан.

Өкінішке қарай, қызметтік көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, 2007 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Баланы полиция қызметкерлері жақын жерде орналасқан медициналық мекемеге жеткізді", — деді қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Дәрігерлер тоғыз жастағы баланың аяғы сынғанын анықтаған. 


"Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеу басталды. Полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", — деді полициядағылар.
 

Соңғы жаңалықтар