Алматыда сұмдық жол апатынан тамағы кесілген жүргізушіні белгісіз біреулер көлікпен алып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сұмдық  жол апатынан тамағы кесілген  жүргізушіні белгісіз біреулер көлікпен алып кеткен

Алматыда сұмдық жол апатынан тамағы кесілген жүргізушіні белгісіз біреулер көлікпен алып кеткен

Алматыда жол апатынан зардап шеккен жігіттің туыстары ақ көлікте болған адамдарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды patrul.kz. Басыл

  • 8 Қазан 2017
  • 9826
Фото - Caravan.kz

Алматыда жол апатынан зардап шеккен жігіттің туыстары ақ көлікте болған адамдарды іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды patrul.kz.

Басылымның мәліметінше, Тайыржан Audi көлігімен бауырымен және оның әйелімен бірге үйге қайтып бара жатқан. Содан ол бұрылмақшы болып жатқан сәтте оның бауыры айнадан артынан бір көліктің жоғары жылдамдықпен ұшып келе жатқанын көрген. Бір кезде ұшып келе жатқан көлік оларды келіп соғып жіберген. Жүргізушінің қатты шошығаны соншалық тамағы кесіліп кеткенін кейін ғана байқаған. Үстіндегі киімі қан болып кеткен.

"Бізді қатты соқты. Артқы терезеден бір-ақ ұшып шыып, кейін салонға қайта ұшып кіріппін. Сол кезде шыны менің тамағымды кесіп жіберген. Міне, мына жерде…", — деп еске алды Тайыржан. Есін жоғалта жаздаған ер адам жол бойымен келе жатып, өтіп бара жатқан жүргізушілерден ауруханаға дейін жеткізуді сұрап, көмек сұраған. Бірақ олардың ешқайсысы көмек көрсетпеген. "Жарадан қатты қан кетті. Шығайын десем, есіктер ашылмай қойды. Ағама мені тезірек шығаруларын айтты. Сосын ол есікті сындырып ашып, мені алып шықты. Ал ағамның әйелі пакеттен сүлгі алып берді. Айналамда адамдар жиналып кетті, жедел жәрдемді күт деп жатты. Бірақ қан қатты кетіп жатуына байланысты мен тезірек ауруханаға жеткім келді. Барлығынан көмек сұрадым, ешкім жауап берген жоқ. Сол сәтте біз жаққа қарай Toyota келді. Көліктен үш адам шығып, маған қарай келді. Олардан мені ауруханаға апаруларын сұрадым. Олар келісіп, мені бірден алып кетті. Дәрігерлер мені қабылдағанша күтіп тұрды да кейіннен кетіп қалды. Олардың есімдерін де білмейді екенмін. Олармен кездесіп, көмектескендері үшін алғыс айтқым келеді", — дейді ер адам.

Ұзақ уақытта созылған отадан кейін хирургтердің бірі зардап шеккен жігіттің ағасына ол тағы бір минутқа кешіккенде оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмайтынын айтқан. "Қазіргі уақытта жағдайы жақсы. Ол жігіттерді бізге Құдай жібергендей болды. Олардан басқа сол жерде көп адам болды, көліктер мүлде тоқтамады " Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған ер адам оны құтқарған жігіттермен кездесіп, алғыс айтамын деп сенеді.


 

Соңғы жаңалықтар