Алматыда таулы аймақта автобус көпірден құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда таулы аймақта автобус көпірден құлап кетті

Алматыда таулы аймақта автобус көпірден құлап кетті

1 маусымда таңғы уақытта "Медеу" мұз айдынына барар жолда жол-көлік оқиғасы болды: жолаушылар автобусы шатқалға құлап кетті, - деп хабарлайды patrul.kz.

  • 1 Маусым 2017
  • 342
Фото - Caravan.kz


"ПАЗ" маркалы автобус төменге түсіп келе жатқан. "Просвещенец" ауданында бұрылған сәтте автобус жолдың шетіне шығып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, қара түсті Mercedes жолын бөгеген.

Бұл шамамен таңғы сегіздер шамасында болған. Соққыдан қашқан жүргізуші қоғамдық көлікті дереу оңға бұрып, бордюрге соғысқан, артынша автобус төменге қарай құлаған. Жүргізуші айтарлықтай жарақат алмады, салонда жолаушылар да болмаған. Жүргізушіні ауруханаға апарудың қажеті болмады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көпір, екі газ құбыры бүлінген. Төменге құлаған автобус бірнеше ағашты сындырып кеткен. 

Перейти к новостям спорта