Алматыда түнгі клубтарда қолдан жасалған Jameson вискиі сатылған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда түнгі клубтарда қолдан жасалған Jameson вискиі сатылған

Алматыда түнгі клубтарда қолдан жасалған Jameson вискиі сатылған

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері "Көлеңкелі экономикамен" күрес акциясы аясында Jameson вискиін басқа арзан алкоголь өнімдерімен араластырып жасаған астыртын цехті анықтады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 296
Фото - Caravan.kz

Жедел-іздестіру шаралары барысында цехтегі Қытайдан әкелінде делінген бөтелкелер, қақпақтар және басқа да заттар тәркіленді.

"Алкоголь өнімдері Алматыдағы түнгі клубтарға, барларға төменге бағамен жасалып отырған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-бөлігі бойынша ("Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану") қылмыстық із қозғалды", — деп хабарлады қалалық МКД өкілдері.


Ведомствоның мәліметінше, 2017 жылдың басынан бері Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері заңсыз алкоголь өнімдерін шығарумен айналысқан 17 деректі тіркеді. Сондай-ақ, алкоголь өнімдерінің 462 мыңнан аса бөтелкесі, құны 90 миллион теңге болатын 366 мың темекі қорабы тәркіленген.
 

Соңғы жаңалықтар