Алматыда зағип жандардың веломарафоны басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда зағип жандардың веломарафоны басталды

Алматыда зағип жандардың веломарафоны басталды

Алматыда 11 тамызда бір топ зағип жандар мен көзі нашар көретіндер Қырғызстанның Бішкек қаласы мен Ыстықкөлге веломарафонға шықты деп хабарлайды Азаттық тілшісі. 15 шақты зағип жандар мен оларға қосылған бірнеше белсенді веломарафонға таңертең Тұңғыш президент паркінен шықты.

  • 11 Тамыз 2017
  • 362
Фото - Caravan.kz

Веломарафонға қатысушылардың бірі, зағип Жазира Мүлкібекованың Азаттыққа айтуынша, олар Ыстықкөлге жету үшін алты күн ішінде 500 километр жер жүрмек.

— Бішкекке барып, баспасөз конференциясын өткіземіз. Сапарымыздың мақсаты — мүгедек жандарды спортқа бейімдеу, ынталандыру, олардың өздеріне сенімін ұялату, қолдарынан бір нәрсе келетінін дәлелдеу. Бұл сапарға биыл наурыздан бері дайындалдық. Қапшағайға, Талдықорғанға дейін барып келдік, — дейді Жазира Мүлкібекова.

Зағип велосипедшілерге оларға жолда қолдау көрсетіп, көмектесу үшін тағы бірнеше белсенді қосылды. Көзі нашар көретін қатысушылар велосипедті өзі тебеді. Кейбір көзі мүлдем көрмейтіндер екі кісілік велосипедті еріктімен бірге жүргізеді. Веломарафонға қатысушыларды Қырғызстан шекарасына дейін қазақстандық полицейлер шығарып салмақ. Одан ары қарай қырғыз полицейлері алып жүрмек.

"Спорт без границ" деп аталатын веломарафонды қоғамдық ұйымдар ұйымдастырып, Алматы қалалық жастар саясаты басқармасы қолдау көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар