Алматыда жезөкшелерді өлтіріп, етін жегендер жазасын қалай өтеп жатыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жезөкшелерді өлтіріп, етін жегендер жазасын қалай өтеп жатыр?

Алматыда жезөкшелерді өлтіріп, етін жегендер жазасын қалай өтеп жатыр?

Балаларды өлтіргендер, жезөкшенің етін жегендер және басқа да қаніпезерлер УК-161/3 мекемесінде жазасын өтеуде. Қостанай облысындағы бұл түрме халық арасында «Қара бүркіт» деп аталады. Кезінде өлім жазасынан құтылып, осында өмір бойы қамалғандар қазір қалай өмір сүріп жатыр?

  • 6 Қыркүйек 2017
  • 5262
Фото - Caravan.kz

«КАРАВАН» газетінің тілшісі осы атақты абақтының қызметкерлерімен және жазасын өтеушілермен тілдесіп қайтты.

О чем молчит “Черный беркут” или где отбывает свой срок Владислав Челах

Сергей Копай, Евгений Турочкин және Михаил Вершинин 2001 жылы жезөкшелерді өлтіріп етін жегені үшін өлім жазасына кесілген болатын. Бірақ тиісті орындар оны орындап үлгермеді. Өйткені сол тұста елімізде бұл жазаға мораторий жарияланған еді. Дегенмен, өмір бойына қамалған олардың бірінің жазасын өтеу мерзімі бітті. Яғни Сергей Копай «Қара бүркіт» түрмесінде аурудан көз жұмған.

Картинки по запросу сергей копай

                                              Сергей Копай

«Бұл үшеуі пәтеріне жезөкшелерді шақырған. Интимдік қызметін алып, қанағаттанған соң әйелдерді өлтіріп отырған. Сөйтіп, денесін жіліктеп, етін жеген екен. Тіпті олардың етінен тұшпара, котлет жасапты. Ал сүйек-саяқты қоқыс контейнерлеріне тастаған. Анықталған құрбандарының саны – жетеу» дейді колонияның жасақ бастығы Асқар Рақышев.

Мұнда жазасын өтеп жатқандардың көбі журналистермен жүздесуге құлық танытпайды. Заң бойынша, бұл олардың өз еріктерінде. Бірақ жаңа аталған адам жегіштердің бірі тілшімен тілдесуге келісті. Дегенмен, Михаил Вершинин өзінің қаныпезер әрекеті туралы айтқысы келмейді.

Оның әке-шешесі бар. Ал әйелі соттан кейін шетелге кетіп қалған. Қазір Вершинин жақсы адам болуды армандайды екен.


«Мен өзіме сын көзбен қараймын. Өз-өзімді тәрбиелеймін. Болашақта бостандыққа шығамын, қоғамға ораламын деп армандайсың ғой. Бірақ қоғамға бәріне риза болмай отыратын, осы уақытқа дейін өзін түзей алмаған адамның қажеті не?» дейді ол.

Жалпы, «Қара бүркіттегі» жазасын өтеушілердің жағдайы жаман емес. Берілетін тамағының ішінде жемістер мен табиғи шырын бар. Балық беріліп тұрады.

Сондай-ақ, қазір оларды мемлекет көрпе-төсек, іш киім және гигиеналық заттармен қамтамасыз етіп отыр. Бұрын бұларды жазасын өтеушілердің туыстары әкеліп беретін.

Биыл қылмыстық атқару жүйесі мекемелері үшін бюджеттен 30 миллиард теңге қарастырылған. Сотталған бір адамға күніне 2 мың теңгеден астам ақша кетеді.

«Қара бүркіт» түрмесі жайлы толық мақаланы МЫНА жерден оқи аласыздар. Колониядағы фотоларды материал авторы Назгүл Әбжекенов түсірген. 

Соңғы жаңалықтар