Алматыда жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, бағананы құлатты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, бағананы құлатты

Алматыда жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, бағананы құлатты

BMW жүргізушісі ұйықтап кетіп, қатты жылдамдықпен шам бағанасын соғып құлатты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлері. 

Жол апаты Алматының жеке секторында шағын Остроухов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орын алған. 

  • 26 Мамыр 2017
  • 356
Фото - Caravan.kz

BMW жүргізушісінің сөзіне қарағанда, ол Райымбек даңғылы бойынан батысқа қарай жүріп бара жатып, рөлде ұйықтап кеткен. Басқарылмау салдарынан автокөлік жиекке шығып кетіп аударылды, жылдамдығы қатты болғандықтан соққан шам бағанасы құлады.   Апатта жүргізушінің өзі зардап шекті, "жедел жәрдем" дәрігерлері оны тексерді, алайда оны ауруханаға жатқызу қажет болмаған. 

Бағанамен соқтығысу салдарынан электр сымдары салбырап қалды. Осыған орай даңғыл бойынша қозғалыс қиындатылды. 



 

Соңғы жаңалықтар