Алматыдан ұшып шыққан Qazaq Air ұшағы әуежайға қайта оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан ұшып шыққан Qazaq Air ұшағы әуежайға қайта оралды

Алматыдан ұшып шыққан Qazaq Air ұшағы әуежайға қайта оралды

Qazaq Air қазақстандық әуе компаниясының ұшағы техникалық себептерге байланысты сейсенбі күні Алматыдан Астанаға ұша алмады, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі. 

  • 4 Шiлде 2017
  • 241
Фото - Caravan.kz

"Бүгін Алматы – Астана бағдарлы  IQ353 рейсін орындаушы Bombardier Q400 NextGen ұшағында қозғалтқыштағы май қысымының көрсеткіші белгі беріп, әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Ұшу кезіндегі қауіпсіздік шараларын толығымен орындаған ұшақ экипажы ұшқаннан соң 25 минуттан кейін әуежайға қайта оралуға шешім қабылдады", — делінген хабарламада. 

Ұшақ штаттық режимде қондырылды. Әуе компаниясының инженерлік қызметі ұшақтың техникалық жағдайын толық тексеруден өткізуде. 


IQ353 рейсінің жолаушылары әуе компанияның басқа ұшағымен ұшатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар