Алматыға жерді қазбай су құбырын жөндейтін жаңа технология келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға жерді қазбай су құбырын жөндейтін жаңа технология келді

Алматыға жерді қазбай су құбырын жөндейтін жаңа технология келді

Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасауға арналған жаңа технология іске қосылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Тамыз 2017
  • 246
Фото - Caravan.kz

«Алматы су холдингі» МҚК-і қыркүйек айында сумен қамту бойынша белгілі бір учаскелерде арнайы тексеруден өткізгеннен кейін қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасау технологиясын енгізбек.

Жаңа технология жерді қазбай, құбырлардың қызметін 50 жылға ұзартып, оның өткізгіш қабілетін 20%-ға арттырады, бұрынғы әдіспен салыстырғанда жұмыс процесін 2 есеге азайтады.

«Алматы су холдингі» өкілдерімен кездесуде ресейлік «Мосводсток» МБК бас директорының орынбасары Владимир Яворский соңғы 2 жыл ішінде аталған әдіс бойынша түрлі диаметрлі 45 шақырым су құбырын қалпына келтірілгенін айтты.

Ресейлік маманның айтуынша, жаңа технология бойынша жұмыс істеу  тиімді әрі  арзан. «Мәскеуде жер асты коммуникацияларының көптігінен қазу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Жаңа технология жерді қазбай, тұрғындарға кедергі келтірмей жұмыс істеуге ыңғайлы. Жөндеу жұмысын бір түннің ішінде атқаруға болады», — деді ол. Ол қазіргі кезде Мәскеудегі су құбырларының 70%-дан астамы ескі екенін, бұрын «Мосводосток» жүйесі жылына су құбырының 10%-ы ғана ретке келтірсе, енді жаңа технология арқылы  25-30 %-ы жаңарғанын айтты.  

«Алматы су холдингінің» мәліметі бойынша, Алматыда су құбырының  бұл әдісі судан ажырату желілерінде қолданылған екен. Жаңа технология лайнер арқылы су құбырларын қайта жаңартуға мүмкіндік береді. Мұнда ауыз суды қамтамасыз етуде зиянды деп танылған «стирол» (C₈H₈) қолданылмайды.


Атап өтерлік жайт, биыл Алматыда  57 шақырым арық желілері, 146 км жол жөнделіп, 97 мың м2 тротуар абаттандырылды, 32 км жылу жүйесі жаңартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп, былтыр 12 шақырым жылу жүйесі жаңартылған  еді.

Сондай-ақ «Айгерім», «Ұлжан 1,2», «Қарасу», «Ақбұлақ», «Дархан», «Құрылысшы», «Өжет», «Трудовик», «Шаңырақ 1,2», «Алтын Бесік», «Достық» және басқа  ықшам аудандарда 20 мыңнан астам үйге  380 км су және кәріз құбырлары тартылып жатыр.  

 

Соңғы жаңалықтар