Алматылық полицейлерге жазықсыз жанды азаптады деген айып тағылды  - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық полицейлерге жазықсыз жанды азаптады деген айып тағылды 

Алматылық полицейлерге жазықсыз жанды азаптады деген айып тағылды 


Алматыда аудандық қылмыстық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы мен бірнеше қызметкеріне ұрлық туралы істі ашуда айғақтарды бұрмалады деген айып тағылды деп хабарлайды қалалық прокуратура баспасөз қызметі.  

  • 10 Наурыз 2017
  • 547
Фото - Caravan.kz


Прокуратура хабарламасына сүйенсек, полицейлер жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлау ісін тергеген. Алайда олар шынайы қылмыскерді іздеудің орнына айғақтарды М. есімді азаматтың үйіне қалдырып кеткен. Жала жабылған ер адам ақталып, Медеу аудандық ІІБ лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі 1-пункті, 414-бабы 3-бөлігі, 416-бабы 6-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды, яғни полицейлерге азаптау, қасақана заңсыз ұстау және қамауға алуды ұйымдастыру және ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша айғақтарды бұрмалау сияқты айыптар тағылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті жүргізген сот алды тергеу ісі қазіргі уақытта аяқталып, іс сотқа жіберілді

 

Соңғы жаңалықтар